Jaqtime.kz Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Еңбек және тыл ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Нәлібаев Машбек Сапарбайұлының туғанына 100 жыл толуына орай жастар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас балуандар бозкілемде бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Дүбірлі додада спортшылар 55, 66 және 74 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті. Тартысты өткен бәсеке нәтижесінде төмендегі балуандар жеңімпаз атанды:
-
55 келі салмақ дәрежесі:
-
І орын – Шейхрахман Шейхрахманұлы (Қызылорда облысы)
-
ІІ орын – Серікбол Елжан (Жетісу облысы)
-
ІІІ орын – Әлеуетдин Мұхаммедин (Шымкент қаласы)
-
ІІІ орын – Әбу Нұрислам (Шымкент қаласы)
-
-
66 келі салмақ дәрежесі:
-
І орын – Еренғайып Асанәлі (Қарағанды облысы)
-
ІІ орын – Қайсар Дулат (Түркістан облысы)
-
ІІІ орын – Исламбек Балмолдаев (Қызылорда облысы)
-
ІІІ орын – Тасмұрза Жүрсінхан (Шымкент қаласы)
-
-
74 келі салмақ дәрежесі:
-
І орын – Асылбек Қошман (Жетісу облысы)
-
ІІ орын – Мейірбек Қызырбек (Алматы қаласы)
-
ІІІ орын – Ғаламат Алпысбай (Ақтөбе облысы)
-
ІІІ орын – Бақтыбай Мергенбай (Жамбыл облысы)

-
Турнирдің салтанатты марапаттау рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемов, Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбек, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы, Машбек Сапарбайұлының ұлы Пазылбек Нәлібаев және Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің директоры Бақытжан Тасболатов қатысты.

Жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы марапатталып, Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған естелік медальдар және Қазақстан Республикасының «Қазақ күресі» қауымдастығының төсбелгісі табысталды.



