spot_img
spot_img
HomeБілімШвециялық журналист Арал теңізі туралы деректі фильм түсірмек

Швециялық журналист Арал теңізі туралы деректі фильм түсірмек

Jaqtime.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева Швеция Журналистер клубының мүшесі, журналист-эколог Томас Эриксонмен кездесті, деп хабарлайды оқу орнының медиа орталығы.

Арал теңізінің тарихы мен қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу үшін өңірге арнайы келген шетелдік қонақ теңіз мәселесін халықаралық ақпарат кеңістігінде кеңінен танытуға ниетті. Басқосуда Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды зерделеу, оның қалыптасу тарихын ақпараттық тұрғыдан көрсету және жаһандық қауымдастықтың назарын аудару бағыттары сөз болды.

Томас Эриксон алдағы уақытта Аралдың өткені мен бүгінін, өзгерістердің ауқымы мен салдарын қамтитын деректі бейнефильм түсіруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол бұл тақырыптағы материалдарды халықаралық беделді журналдарда жариялауды көздеп отыр.

Кездесу соңында тараптар Арал проблемаларын халықаралық деңгейде ақпараттық сүйемелдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару мүмкіндіктерін талқылады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР