spot_img
spot_img
HomeБілімҰлттық құндылықтар және инновация

Ұлттық құндылықтар және инновация

Jaqtime.kz. Абай атындағы мамандандырылған мектепте «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту: музыка пәніндегі инновациялық әдістер, жасанды интеллект» тақырыбында музыка пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті.

Білім беру мазмұнын жаңғыртуға бағытталған бұл маңызды шара ұстаздардың кәсіби тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен заманауи әдістерді меңгеруіне мүмкіндік берді.
Семинар аясында қатысушыларға мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген ашық сабақтар ұсынылды.

Атап айтқанда, Жаңагүл Дегенбаеваның «Су әуені» тақырыбындағы сабағы бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауын дамытудың тиімді жолдарын көрсетті. Ал Айзада Бұрханованың «Жасанды интеллект дәуіріндегі дәстүрлі ән өнері» атты сабағы ұлттық өнерді заманауи технологиямен ұштастырудың үлгісін ұсынды.

Камшат Манбитбаеваның «Қоршаған ортамызды сақтайық» тақырыбындағы сабағы экологиялық тәрбие мен музыканың байланысын айқындады.
Шеберлік сыныптар барысында педагогтер музыка сабағында жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды қолданудың жолдарымен танысты.


Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, кері байланыс жүргізді. Мұндай кәсіби кездесулер ұстаздардың шығармашылық ізденісін арттырып, білім беру сапасын көтеруге ықпал ететіні анық.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР