«KARNOLSKY SUMMER CAMP» халықаралық конкурсының вокал жанры бойынша А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының әншілері Айару Дидарқызы ІІІ топта І орынды, Муслима Дарханқызы ІІ топта ІІ орынды иеленді.
Конкурс болгар әншісі Карнольскийдің құрметіне арналған. Өнер додасына Армения, Болгария, Украина, Польша, Қазақстан және Грузия мемлекетінен ән, би, аспап, балет, вокалдық өнер, халықтық ән номинациялары бойынша 300-ге жуық өнерпаз қатысты.
ҚР мәдениет саласының үздігі, «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының жетекшісі, үлкен жүректі ұстаз Бағдагүл Сайынқызы «Жеңісімізді Қызылордамыздың астана болғанына 100 жыл толу мерейтойына арнаймыз» деп сүйінші хабар жеткізді.

