Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиада тарихындағы өз жетістігін тағы бір мәрте жаңартты. Ол Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында командалық спринтте жеңіске жетіп, осы бәсекедегі бесінші алтын медалін жеңіп алды. Осылайша, Клебо қатысқан барлық жарыста топ жарып, турнирдің басты қаһарманына айналды.

Жалпы есепте, Йоханнес Клебо Олимпиаданың он дүркін чемпионы атанып отыр. Ол 2018 жылы төрт алтын медаль еншілесе, 2022 жылы бір рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 2026 жылғы ойындарда бес мәрте топ жарып, өз рекордын өзі жаңартты.
Бұған қоса, тәжірибелі спортшы әлем чемпионаттарында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Оның еншісінде 15 әлем чемпионатының алтын медалі бар.
Осылайша, Йоханнес Клебо қысқы спорт тарихындағы ең табысты шаңғышылардың бірі ретінде өз орнын айқын бекітіп отыр.



