spot_img
HomeCпорт“Қайсар” ФК жеке басқаруға берілді

“Қайсар” ФК жеке басқаруға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін баса айтқан болатын.

​Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.

​Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда.

​Айта кетейік, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы легионелерден толық бас тартып, жаңа маусымды жергілікті ойыншылармен бастаған болатын.

​Ал, биылғы маусымда «Қайсар» футбол клубы 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР