spot_img
spot_img
HomeCпортҚорқыт ата университетінің студенті Азия рекордын жаңартты

Қорқыт ата университетінің студенті Азия рекордын жаңартты

Jaqtime.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Бойко Снежанна Ашық Азия және Мұхит аралық чемпионатында алтын жүлдеге ие болып, Азия рекордын жаңартты.

7–12 сәуір аралығында Бангкок қаласында, Тайландта өтіп жатқан халықаралық жарыста Снежанна жастар арасында 45 кг салмақ дәрежесінде жекелей сында және үш тәсілдің қорытындысы бойынша (тотал) І орынды иеленді.

Сонымен қатар, спортшы 78 кг көтеріп, жастар арасында Азия рекордын жаңартты.

Айта кетейік, жарысқа Азия және Мұхит аймағынан мықты спортшылар қатысуда. Снежанна Бойконың бұл жеңісі университет абыройын арттырып, қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Университет ұжымы жеңімпазды құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілейді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР