Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бір аптаға созылған жарыста Қызылорда облысының спортшылары табысты өнер көрсетті.
Сыр құрамасы жалпы есепте екі күміс және үш қола медаль иеленді. 55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек пен +90 келіде Аслан Елдібайұлы күміс жүлдегер атанса, 48 келіде Ақбота Болат, 80 келіде Азамат Бектас және 90 келіде Оңталап Рахманов қола медаль жеңіп алды.

