Жылыту маусымының өту барысын бақылау шеңберінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қызылорда қаласында салынып жатқан қуаты 240 МВт бу-газ электр станциясының құрылысымен танысты. Жобаны іске асыру өңірдің электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының...