spot_img
HomeUncategorizedАлмас Өтешов жаңа қызметке кірісті

Алмас Өтешов жаңа қызметке кірісті

Бұрынғы ауыр атлет Алмас Өтешов бапкерлік қызметке кірісті, деп хабарлайды Jaqtime.kz Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына сілтеме жасап.

«Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі Азия чемпионы.

Бұған дейін Алмас Өтешов Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер, сондай-ақ «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға, спортшылардың халықаралық жарыстарға тұрақты қатысуына, сондай-ақ олардың жалпы нәтижесіне жауапты болады», – делінген ресми ақпаратта.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР