spot_img
spot_img
HomeCпортБүгін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Олимпиадада бақ сынайды

Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Олимпиадада бақ сынайды

16 ақпанда Қазақстан құрамасынан бес спортшы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бақ сынайды, — деп хабарлайды Jaqtime.kz
Қазақстан атынан ең бірінші болып Ростислав Хохлов шығады. Ол тау шаңғысы сайысында сағат 14:00-де өнер көрсетеді.
Одан кейін шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев 500 метр қашықта жарысқа түседі.
Еске салайық, Никиша бұл қашықта кейінгі әлем чемпионатында күміс жүлде алған. Ал Әжғалиев екеуі бірге Азия ойындарында эстафетада алтын медаль жеңіп алған.
Олар 15:00-де іріктеу кезеңінен бастайды.
Ал 23:00-де шаңғы трамплинінен командалық секіруде Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетеді.
Тікелей эфирді «Хабар», Jibek Joly және Qazsport телеарналарынан көруге болады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР