Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Семей қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде кішкентай баланың пәтер ішінде жалғыз қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бірінші қабаттағы терезе торын кесіп, пәтерге кіріп, есікті ішкі жағынан ашты. Пәтер ішінде 2023 жылы туған бала болған. Бала зардап шеккен жоқ.

