spot_img
HomeUncategorizedИран әуе кеңістігінің жабылуы: Air Astana маршруттағы өзгерістер туралы ескертті

Иран әуе кеңістігінің жабылуы: Air Astana маршруттағы өзгерістер туралы ескертті



Air Astana өкілдері Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты маршруттағы өзгерістер туралы хабарлады. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Jaqtime.kz хабарлайды.


“Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді.
Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.
Air Astana жағдайды мұқият бақылайды.
Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады”, – делінген хабарламада.

Байланыс үшін:
Брондау және ақпарат орталығы: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77;
Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78;
WhatsApp: +7 702 702 00 74.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ жақын арада Иранға соққы жасауы мүмкін деген хабарламадан кейін Иран билігі әуе кеңістігін жапқаны белгілі болды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР