spot_img
spot_img
HomeUncategorizedҚазақстанда Конституция күні 15 наурызға ауыстырылуы мүмкін

Қазақстанда Конституция күні 15 наурызға ауыстырылуы мүмкін


Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев егер қазақстандықтар референдумда жаңа жобаны қолдаса, Конституция күні 15 наурызда атап өтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды jaqtime.kz

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа Конституция қабылданған күн мерекеге айналуы мүмкін.
«Өтпелі ережелерге сәйкес, Конституция қабылданған күн Конституция күні болады. Қабылданатын күн — 15 наурыз.
Адамдар өз қалауынша, дұрыс деп тапқанына дауыс беруге құқылы, азаматтарымыздың пікірін білу үшін референдум өткізіліп жатыр. Азаматтар қандай шешімге келеді, соған негізделіп қабылданады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция қабылданады, ал 15 наурыз Конституция күні болады», — деді Мәулен Әшімбаев.
Еңбек министрлігі референдумнан кейін 2026 жылы және одан кейінгі жылдары Конституция күнін атап өтуге қатысты егжей-тегжей жауап берген болатын.
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізілгенге дейін 30 тамыз 2026 жылы мемлекеттік мереке және демалыс күні болып есептеле беретінін белгілі болды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР