
Қызылорда облысындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің мұрасын насихаттайтын арнайы мұражай жұмыс істейді. Мұнда өңірдегі этномәдени орталықтардың жинақтаған ұлттық бұйымдары, қолөнер туындылары, тұрмыстық заттары мен тарихи-этнографиялық құндылықтары кеңінен ұсынылған.
Достық үйіне келген қонақтар мұражайға арнайы кіріп, этностардың бай мәдени мұрасымен, салт-дәстүрі және рухани құндылықтарымен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұл мұражай өңірдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететін маңызды мәдени-танымдық алаң болып табылады.




