spot_img
spot_img
HomeUncategorizedРеферендум – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

Референдум – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам



Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси науқандар жүзеге асырылып келеді. Биыл өңірімізде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп, ол өз миссиясын қорытындылады. Алдағы кезеңде конституциялық реформалардан кейін Құрылтайдың ұйымдық, яғни заң шығарушылық қызметі басталмақ. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде елеулі өзгерістер болатынын аңғартады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жаңғырудың қажеттігін былтырдан бері түрлі мінберлерде атап өтіп келеді.

Мемлекет басшысы конституциялық өзгерістерге байланысты республикалық референдумды биылғы жылдың 15 наурызында өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдум – азаматтардың өз ұстанымын тікелей білдіруіне мүмкіндік беретін демократиялық тетік. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, саналы таңдау жасау – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Егер жаңа Конституция референдумда қолдау тапса, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін қос палаталы Парламент өз жұмысын жалғастыра береді. Алдағы саяси үдерістер ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, мемлекетіміздің дамуына серпін береді деп сенеміз.

Ақсақалдар кеңесі қашанда елдің тыныштығы мен ынтымағын басты құндылық санап келеді. Алдағы уақытта да қоғамның тұрақтылығы мен дамуына ақыл-кеңесімізбен үлес қоса бермекпіз.

Нұрмұрат Ерманов,
Қызылорда облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР