Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ — Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді.

Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері — Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.


