23 қазан Орталық Азияның таулы экожүйелері мен жабайы табиғатының символы саналатын Қар барысының халықаралық күні.

Бұл күн 2013 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен бекітіліп, сирек кездесетін бұл түрге төнген қауіптерге қоғам назарын аудару және оны сақтау жолындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жарияланған.

Қар барысы – планетамыздағы ең әдемі әрі тылсым жыртқыштардың бірі, сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Соңғы есептік деректерге сәйкес, елімізде шамамен 152–189 дара қар барысы мекендейді. Бұл көрсеткіш тұрақты популяцияны білдіреді, дегенмен бұл түрді сақтау жөніндегі жүйелі шараларды жалғастырудың өзектілігін де айқындайды.

