spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыАмал мерекесінде батыр анаға құрмет көрсетілді

Амал мерекесінде батыр анаға құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов еңбек және тыл ардагері, 10 құрсақ көтерген Батыр ана Ақшайы Шоманқызының шаңырағына арнайы барып, аудан әкімі Мажит Самитовтың Амал мерекесімен және бүгінгі мерейлі туған күнімен құттықтауын жеткізді.

Ізгі кездесуде аудан әкімінің құттықтау хаты табысталып, қазақы дәстүрге сай иығына ақ жаулық жабылды.
-“Амал – халқымыздың ежелден келе жатқан берекелі дәстүрлерінің бірі. Сіздер елдің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңіріп, кейінгі буынға өнеге болдыңыздар. Осындай ардақты жандардың ақыл-кеңесі мен батасы біз үшін әрдайым маңызды. Сондай-ақ, бүгінгі мерейлі 90 жасыңыз құтты болсын. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілеймін”, – деп атап өтті.

Ақшайы Шоманқызы 1936 жылы дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, ел игілігі жолында аянбай тер төккен. Өмір жолында ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, 10 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана бүгінде үлкен әулеттің алтын діңгегіне айналып отыр. Оның өнегелі өмір жолы – кейінгі буын үшін тағылымы мол үлгі.

Кездесу соңында тыл ардагері көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР