spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарАстанада тұрғын үйден өрт шықты: 25 адам эвакуацияланды

Астанада тұрғын үйден өрт шықты: 25 адам эвакуацияланды


Jaqtime.kz. Астана қаласындағы Жеңіс даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 12 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялаған.

«ТЖД күштері келіп жеткенде екінші қабатта балкон және терезе ойығының жанғаны анықталды. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар 12 адам, оның ішінде 9 бала арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды», — делінген хабарламада.

Өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР