Бүгін Қызылордада Достық үйінде Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және салт-дәстүр күні ерекше мазмұнда атап өтілді.

Іс-шара барысында қазақ халқының тағылымға толы «Шашу» және «Бесікке салу» дәстүрлері көрініс тапты.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шараға түрлі этнос өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ ұжымының қызметкерлері белсене қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мән-маңызын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Мерекелік іс-шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мәні мен ұрпақ сабақтастығындағы рөліне ерекше тоқталып, бірлік пен татулықты нығайтатын игі бастамалардың маңызын атап өтті.




