spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарПрофессордың қатысуымен екі нәрестеге сәтті операция жасалды

Профессордың қатысуымен екі нәрестеге сәтті операция жасалды

Қызылорда облыстық перинаталдық орталықта туа біткен ауыр ақаулары бар екі нәрестеге жоғары технологиялық күрделі операциялар сәтті жүргізілді.

Арнайы шақыртумен келген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неонаталды хирургі, профессор Ерекешов Асылжан Әбубәкірұлы ота процесіне тікелей қатысты.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің бірінде – диафрагмальды жарық (диафрагмальды грыжа), ал екіншісінде – он екі елі ішектің атрезиясы анықталған. Бұл диагноздар жаңа туған сәбилер үшін аса қауіпті саналады және шұғыл, кәсіби хирургиялық көмекті талап етеді.
Операциялық бригада құрамында неонатальды хирург Маханбетияров Болат Үмбетиярұлы мен балалар анестезиологы Самсонов Игорь Михайлович болды. Мамандардың үйлесімді әрі жоғары деңгейдегі жұмысының нәтижесінде екі ота да сәтті өтті.
Қазіргі уақытта нәрестелер жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Мамандар олардың жағдайы тұрақты екенін және оң динамика байқалатынын атап өтті.
Аталған операциялар өңірлік медицинаның мүмкіндігі артып келе жатқанын және жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін көрсетеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР