spot_img
HomeЖаңалықтарҚайырымдылық киносеанс ұйымдастырылды

Қайырымдылық киносеанс ұйымдастырылды


Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығы Kinoplex киноорталығының қолдауымен «Жылы ұя» көркем фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

Шара мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға арналды. Мақсаты – оларға рухани қолдау көрсету және мейірімділік пен бірлік құндылықтарын насихаттау.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

«Жомарт жан» орталығының үйлестірушісі Нұргүл Ақсақалова мұндай іс-шаралар рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін және алдағы уақытта жалғасатынын айтты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР