spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы құлады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су-30СМ жойғыш ұшағы, архивтік фото
© Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ведомство мәліметінше, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғышы апатқа ұшыраған. Әуе кемесінің экипажы дер кезінде катапульт жасап, аман қалған. Ұшқыштардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта олар медицина мамандарының бақылауында.

Оқиға орны қоршауға алынып, тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылған. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі департаментінің бастығы басқарады. Оның құрамына авиациялық қызметтің бейінді мамандары енгізілген.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Ақпарат көзі: КазТАГ

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР