spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды

Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды

Бүгінде Қазақстан кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын дамыту және олардың халықаралық деңгейде мойындалуы жолында жетекші ұйымдардың біріне айналды. Өз ісіне адал, жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген кинологтардың табанды еңбегі мен сүйіспеншілігінің арқасында қазақ тазысы мен төбеті әлемдік аренада мойындалып, ел абыройын асқақтатуда.

ЖИ

Соңғы үш жыл ішінде Одақ ауқымды әрі нәтижелі жұмыс атқарды:

Қазақстан кинологтар одағы (ҚКО) Халықаралықкинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанды;

Қазақ тазысы тұқымын алдын ала халықаралық мойындауға ресми өтінім берілді;

FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады.

Бұл – қазақ ит тұқымдарының әлемдік деңгейде танылуы жолындағы үлкен жетістік.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР