spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстанда бензин бағасы күрт өсуі мүмкін бе? Энергетика министрлігінің жауабы

Қазақстанда бензин бағасы күрт өсуі мүмкін бе? Энергетика министрлігінің жауабы


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бензин бағасына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Мәжіліс алаңында ведомствоның вице-министрі Сұңғат Есімханов жанармай құны мораторий алынғаннан кейін қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Оның сөзінше, қазіргі таңда бензин бағасы көтеріліп жатқан жоқ. Министрлік барлық көтерме тұтынушылармен келісімге келген. Қолданыстағы баға 1 сәуірге дейін сақталады.


«Бүгінде ештеңе көтеріліп жатқан жоқ. Барлық баға сақталды және 1 сәуірге дейін өспейді. Тарифтерді одан әрі түзету үкіметтің шешіміне сәйкес анықталады», – деді вице-министр.
Сондай-ақ ол бағаның күрт өсімі болмайтынын атап өтті. Егер бензин бағасы еркін нарыққа жіберілген жағдайда да, өсім кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бұған дейінгі тәжірибеге сүйенсек, жанармай құны айына шамамен 2–4 теңгеге ғана артқан.
Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта да баға өзгерісі бақылауда болады және күрт қымбаттау күтілмейді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР