spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазтелерадио” АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 16 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компанияның түсіндіруінше, бұл уақытта биылғы жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызметтер уақытша тоқтатылады.

“Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстан аумағы бойынша теле- және радиоканалдардың қайта таратуы уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.
“Қазтелерадио” атап өткендей, бұл шаралар телерадиохабар таратудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР