spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚызылорда облысында Сырдария өзені бойында 20-дан астам елді мекенде су тасқыны қаупі...

Қызылорда облысында Сырдария өзені бойында 20-дан астам елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Қызылорда облысында Сырдария өзені бойында 20-дан астам елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақ ретінде белгіленген.


Төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық қорғаныс құрылымы бірлесіп, су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды jaqtime.kz Qazaqstan TV сілтеме жасап.
Қала іргесіндегі Талсуат ауылы өзеннің жағасына жақын орналасқандықтан, көктемде Сырдария су деңгейі көтеріліп, елді мекенге қауіп төнеді. Сол себепті құтқарушылар бөгеттерді нығайтып, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Іс-шараға 100-ден астам адам мен 32 техника жұмылдырылды. Қызылорда қаласы бойынша бес қауіпті учаске анықталған, оның бірі – Талсуат ауылы. Практикалық жаттығулар барысында эвакуация жұмыстарын жүргізу, қап қаптау, бөгеттерді нығайту және зардап шеккендерді құтқару бойынша шаралар жүзеге асырылды.

Жандос Досымов, ТЖД басқармасының бастығы:

«Біз барлық қауіп-қатерлерді бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР