spot_img
HomeЖаңалықтарҚызылордалық театр ұжымы халықаралық фестивальде топ жарды

Қызылордалық театр ұжымы халықаралық фестивальде топ жарды

Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры 20-25 қазан күндері Бішкек қаласында өткен халықаралық “ART-ORDO” театр фестивалінде А.Н. Островскийдің “Найзағай” драмасын (қойылым режиссері – Дина Жұмабаева) сахналады.

Бірнеше елдің кәсіби театры қатысқан бұл беделді фестивальде қызылордалық өнерпаздар І орынға ие болды. Сондай-ақ, қойылымның режиссері Дина Жұмабаева фестивальдің “Үздік режиссер” номинациясын жеңіп алды.

Айта кетейік, осы уақыт аралығында “Найзағай” драмасы халықаралық деңгейдегі фестивальдерде екі мәрте бас жүлдені еншілеген.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР