spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарЗаңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді

Заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді

Jaqtime.kz. Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР