spot_img
HomeЖаңалықтарЖағдайы жақсы көпбалалы отбасыларды қолдау тәртібі өзгереді – министр түсініктеме берді

Жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларды қолдау тәртібі өзгереді – министр түсініктеме берді

Жағдайы жақсы көпбалалы отбасылар қосымша көмектен қағылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау тәртібін өзгерту мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін премьер-министр ауқатты көпбалалы отбасылар мемлекеттік көмекке мұқтаж адамдардың тізімінен шығарылатынын мәлімдеген болатын. Ал оның орынбасары Ермек Көшербаев үйі мен екі машинасы бар көпбалалы отбасылар жайында айтқан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, жағдайы жақсы көпбалалы отбасылар қосымша көмектен қағылады. Соның ішінде жергілікті әкімдіктер тарапынан жасалатын қолдау бар.

«Біз қарап отырған мәселе, ол — тек жергілікті атқарушы органдар өздері көрсетіп отырған қолдауды қайта қарау және сол көмекті мұқтаж санаттарға ғана көрсету», — деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Ал республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы көпбалалы отбасының жағдайына қарамастан, толық көлемде төлене береді.
Айта кетері, бүгінде жергілікті бюджеттен 8 наурызға орай көпбалалы аналараға қаржылай қолдау жасалады. Бұдан бөлек, 1 қыркүйектің алдында кеңсе заттарын сатып алуға бір реттік төлем бөлінеді. Мәселен, биыл 500 мыңнан астам баланың әрбіреуіне ең төменгі төлем мөлшері 46 228 теңгені құрады.
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР