spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыЖаңақорған аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарында газ қауіпсіздігі тексерілді

Жаңақорған аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарында газ қауіпсіздігі тексерілді



Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, асхана фастфуд) тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.


Рейд барысында газ баллондарын сақтау, орнату және пайдалану тәртібі, олардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қаралды.
Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне газ баллондарын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында 7 қоғамдық тамақтану орынынан газ балондары анықталып, жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР