Jaqtime.kz Қызылорда облысында «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген ауқымды рейдтік-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде бір апта ішінде 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Polisia.kz сайтының мәліметінше, тәртіп сақшыларының басты назары вандализмнің алдын алуға, қоршаған орта тазалығын сақтауға, түнгі заңсыз жарыстарға және жол ережесін өрескел бұзушыларға бағытталған.

Бір апталық рейд барысында тіркелген негізгі заңбұзушылықтар:
- Көлік басқару кезінде телефон пайдалану – 1069 дерек;
- Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді қолданбау – 1620 дерек;
- Көлікті мас күйде басқару – 26 дерек;
- Қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу – 18 дерек.
Сондай-ақ түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен жүріп, өзге жүргізушілердің өміріне қауіп төндіретіндер полицияның жіті бақылауына алынды. Тәртіп сақшылары бұзушылықтарды жедел анықтау үшін заманауи цифрлық технологиялар мен бейнебақылау жүйелерін тиімді қолдануда.



