Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Қызылорда облысының делегациясы Швейцария Конфедерациясына жұмыс сапарын бастады.
Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстыру, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар, шетелдік компаниялармен әріптестік байланыстарды нығайту.Сапардың алғашқы күнінде бірқатар маңызды кездесулер өтті. Атап айтқанда, облыс әкімі швейцариялық Harvest Group компаниясының...