spot_img
spot_img
HomeUncategorizedСинтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

Синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

Jaqtime.kz Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі өндіруді түбегейлі жоюға бағытталған мақсатты іс-шараларды жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметінің жолы кесілді. Жергілікті тұрғындар — ағайынды екі азамат ұсталды.

Олар тұрғын үйдің ауласында тыйым салынған заттарды синтездеуге жабдықталған гаражда “синтетиканы” ірі көлемде өндіруді жолға қойған.

Тінту барысында 10 келіден астам “альфа-PVP” психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде 300 литрлік реактор-сыйымдылық, зертханалық ыдыстар, таразылар және жеке қорғаныс құралдары тәркіленді.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР