spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарБельгия корольдік жұбы Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Бельгия корольдік жұбы Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Jaqtime.kz Астана, 13 қазан — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі

Сапар барысында мәртебелі меймандарға дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалту мен әлеуметтік бейімдеудің озық әдістері баяндалды. Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиялары да кеңінен қолданылатыны көрсетілді. Орталық жұмысында балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне және әлеуметтік интеграциясына айрықша мән беріледі.

Король Филипп пен Патшайым Матильда орталықтағы балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, арнайы интерактивті бағдарламаға қатысты. Мәртебелі қонақтар соңында Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Анықтама: Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеу, когнитивті даму және мінез-құлық бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал ауры мен аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек көрсетеді. Бұл мекемеде жыл сайын еліміздің барлық өңірінен 5 мыңнан астам пациент оңалту қызметтерін алады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР