spot_img
spot_img
HomeБілімЕңбек құқығы бұзылған мыңдаған азаматтың мүддесі қорғалды

Еңбек құқығы бұзылған мыңдаған азаматтың мүддесі қорғалды

Jaqtime.kz Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, өңірде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында бірқатар оңды жұмыстар атқарылып, жүйелі нәтижелерге қол жеткізілді.



Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де 606 жұмыскерге мамыр айының жалақысы уақтылы төленбегені анықталып, қабылданған прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесімен аталған қызметкерлерге 106,3 млн теңге жалақы толықтай берілді. Одан бөлек, Шиелі ауданының білім бөліміне қарасты 18 мемлекеттік және 65 жеке балабақшаның 1365 қызметкеріне 2026 жылдың шілде айының жалақысы берілмегені белгілі болып, қадағалау органының ықпалымен 261 млн теңге қарыз өтелді. Дәл осындай жағдай Қармақшы ауданында да орын алып, 553 балабақша қызметкерінің 25,4 млн теңге жалақысы өз иелерін тапты.

Бұдан басқа, Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ұжымдық шарттары зерделеніп, заңнама талаптарына сәйкестендірілді. Нәтижесінде кіші буын қызметкерлерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша 12 күн қосылып, 220 адамның еңбек құқықтары толық қалпына келтірілді.

Жалпы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында 20 қадағалау актісі енгізіліп, 36,2 мың адамның құқықтары қорғалды (оның ішінде 9,9 мың конституциялық құқық бар). Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 691,3 млн теңге жалақы қарызы өндіріліп, заңбұзушылықтарға жол берген 135 лауазымды тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР