spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарМектеп медицинасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мектеп медицинасы жаңа деңгейге көтеріледі

Jaqtime.kz Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес енді балаларды профилактикалық тексеру цифрландырылып, жасанды интеллект қолданылады.

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыруды күшейтіп жатыр. Биыл, яғни 2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртіби қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді.

Жаңашылдыққа сәйкес, алғаш рет барлық балаларды тексеру барысында ЭКГ аппараттары, фонендоскоптар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысыішілік камералар және жасанды интеллект технологияларын қолданатын басқа да цифрлық диагностикалық құрылғыларды кеңінен пайдалану жоспарлануда.

Сонымен қатар 2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.

Бұған қоса, денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жұмыстары аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпараттарды жедел алуға жол ашады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР