spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚызылордада 5 айлық нәрестенің өліміне себеп болған жол апатының күдіктісі әлі іздестіріліп...

Қызылордада 5 айлық нәрестенің өліміне себеп болған жол апатының күдіктісі әлі іздестіріліп жатыр

Бұл туралы baq.kz сайтына сілтеме жасап, jaqtime.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 13 қазанда Құлтекенов көшесінде болып, жол апаты салдарынан 5 айлық сәби көз жұмды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, іздеуде жүрген күдікті – 2000 жылы 1 шілдеде туған Великов Алексей Александрович. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылып, ол анықтау органынан бой тасалап жүр. Қазіргі уақытта оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Еске салайық, қаладағы заң компаниясы күдіктінің жүрген жерін анықтауға көмектесетін нақты ақпарат үшін 500 мың теңге көлемінде сыйақы жариялаған болатын.

Аталған азамат туралы қандай дa бір мәлімет білетін тұрғындардан төмендегі телефон нөмірлері арқылы полицияға дереу хабарласуы сұралады:

  • 102

  • 8 (7242) 27-77-01

  • 8 (7242) 27-64-71

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР