Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында шеберлік сабағы өтті.


Іс-шара қаладағы “Hugga bar” кафесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен жастары қатысты.


Шеберлік сабағы барысында шешен этномәдени бірлестігінің белсенділері дәстүрлі Чеплш(ірімшік қосылған нан) және Хинглаш (асқабақ салындысы бар бәліш) тағамдарын әзірлеуді көрсетті.
Шешен этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Лайла Пашаеваның айтуынша, түрлі этностардың ұлттық тағамдары тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін айқындайтын маңызды элементтердің бірі.


Шара соңында қатысушылар дайын болған тағамнан дәм татып, ыстық қою шай ішіп, пікір алмасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шеберлік сабақтары этностардың мәдени мұрасын дәріптеп, жастардың дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.



