spot_img
HomeUncategorizedШұңқырға құлаған әйелді құтқарды

Шұңқырға құлаған әйелді құтқарды

Жамбыл облысында құтқарушылар терең шұңқырға құлап кеткен әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Jaqtime.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында әйел адамның терең шұңқырға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түскен. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді зембіл арқылы жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР