Әлемдік бокста жаңа дәуір басталды. Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Jaqtime.kz ақпараттық агенттігі Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық ұйым World Boxing ресми түрде Геннадий Головкиннің ұйымның жаңа президенті болатынын хабарлады. XXI ғасырдың ең ұлы орта салмақтағы боксшыларының бірі атанған қазақстандық спортшы Тәуелсіз комиссияның тексерісінен өткен жалғыз кандидат ретінде тіркелді.
Бұл жағдай сайлау рәсімінің жеңілдетілген тәртіпте өтетінін білдіреді: жарғыға сәйкес, егер бір ғана кандидат ұсынылса, конгресс оны дауыс бермей-ақ, аккламация жолымен, яғни бірауыздан қол көтеру арқылы бекіте алады. Дәл солай болады — 23 қараша күні Рим қаласында Головкин ресми түрде ұйым басшысы ретінде тағайындалып, қазіргі президент Борис ван дер Ворсттен өкілеттікті қабылдап алады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин осыған дейін сайлауда жеңіске жеткен жағдайда боксшылық мансабын ресми түрде аяқтайтынын мәлімдеген еді. Қазақстандық аңыздың соңғы жекпе-жегі 2022 жылы өтті Й Сауль «Канело» Альвареспен болған үшінші кездесуде GGG қазылар шешімімен ұтылған болатын.

