WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен оң нәтиже бергені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы The Ring басылымының инсайдері, DAZN жетекші тілшісі Майк Коппинджер хабарлады ,-деп хабарлайды Jaqtime. kz «Спорт министрі” телеграм арнасына сілтеме жасай отырып. Жекпе-жекке жауапты тараптардың айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Лараға қарсы жоспарланған айқасы қазір үлкен қауіп алдында. Кубалық WBA чемпионына басқа қарсылас іздеу мәселесі қарастырылып жатыр.

(фото: Janibek Alimkhanuly парақшасынан)
«Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Бұл жаңалық мені таңғалдырды. VADA бірінші сынамадан өтіп, бәрі таза екенін айтқан. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші сынамада не болғанын білмеймін, сондықтан қайта тексеруді сұраттым», — деді Жәнібек.

(фото: Janibek Alimkhanuly парақшасынан)
Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Ол — 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO). 1 наурызда Гонсалес бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті жеңген. Ал Херд кезінде Эрисланди Лараға да жеңіліс әкелген боксшы.

