spot_img
HomeUncategorizedҚызылордада «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

Қызылордада «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды


Бүгін, 4 желтоқсанда, Қызылорда қаласында «Қамқорлық» ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы өтті.



Жаңа нысан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Қамқорлық» қоры және Қызылорда облысы әкімдігінің серіктестігімен іске қосылды.



Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Шыңғыс Шарапиев, «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.



Орталық балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуді мақсат етеді.


Жаңа орталық өңірдегі әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырып, отбасылар мен балаларға қажетті көмек пен қолдауды уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР