Бүгін 112 пультіне Қостанай облысының Жітіқара қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенуі туралы хабар түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар әрқайсысы 27 литрлік алты газ баллонын қауіпті аймақтан алып шықты. Бұл ықтимал жарылыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік берді. Құтқарушылар мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде оттың көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

