spot_img
HomeUncategorized“Заң мен тәртіп”: Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы 4 мыңнан астам профилактикалық...

“Заң мен тәртіп”: Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізді

2025 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған 4 мыңнан астам іс-шара өткізіп, шамамен 4 млн азаматты қамтыды.

Жыл ішінде қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада, республикалық форумдар, онлайн-диктанттар, интерактивті сабақтар мен компьютерлік ойындар ұйымдастырылды. Аталған бастамаларға мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлері белсенді қатысты.

Сонымен қатар, қаржылық алаяқтық пен пирамидаларға қарсы анимациялық мультфильмдер, деректі фильмдер және бейнероликтер әзірленіп, миллиондаған қаралым жинады.

2026 жылы агенттік халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи әрі креативті жобаларды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР