spot_img
spot_img
HomeUncategorized«Конституциялық реформалар – қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбында кездесу өтті

«Конституциялық реформалар – қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбында кездесу өтті



Шиелі аудандық индустриалды-аграрлық колледжінің акт залында «Конституциялық реформалар – қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.


Кездесуге Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар» кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев, аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Патима Маханбет, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Гүлжанат Сейтова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі аудандық сарапшысы Самал Абызбаева, сондай-ақ колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.


Жиын барысында спикерлер конституциялық реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, жаңа жобада көзделген өзгерістердің саяси жүйені жаңғыртуға, қоғамдық институттарды жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құру мәселесі қозғалып, оның заң шығару бастамасы құқығына ие жоғары консультативтік орган болатыны айтылды.
Кездесуде мемлекет Тәуелсіздігін нығайту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлттық бірлікті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, жастар арасында салауатты сана қалыптастыру, вандализмнің алдын алу және қоғам дерті саналатын бес кеселге қарсы көзқарас қалыптастыру бағытындағы пікірлер ортаға салынды.
Шара соңында қатысушылар маңызды саяси науқан – референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР