spot_img
spot_img
HomeCпортҚазақстанға тарихи алтын: Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Қазақстанға тарихи алтын: Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ел қоржынына алтын медаль салды. Спортшы қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291.58 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Бұл жеңіс — Қазақстанның қысқы Олимпиададағы көптен күткен алтын жүлдесі болды. Негізгі қарсыластары — америкалық Илья Малинин мен жапониялық Юма Кагияма — шешуші бағдарламаларын мінсіз орындай алмай, жүлдеден тыс қалды.

Айта кетейік, Шайдоров өткен жылы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Төрт құрлық чемпионатында топ жарған еді. Енді ол жетістіктерінің қатарына Олимпиада алтынын да қосты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР