spot_img
spot_img
HomeCпортЖәнібек Әлімханұлы бокстан шеттетілді

Жәнібек Әлімханұлы бокстан шеттетілді

Қазақ кәсіпқой боксының көшбасшысы, «Qazaq Style» лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы нүкте қойылды. Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ресми мәлімдеме жасап, отандасымызды спорттық жарыстардан бір жыл мерзімге шеттеткенін хабарлады. Бұл қатал шешімге боксшының өткен жылдың 15-қарашасында тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылуы себеп болған. Ерікті антидопинг қауымдастығы (VADA) Жәнібекке ресми айып тағып, соның салдарынан Ларамен өтуі тиіс үлкен жекпе-жектің күшін жойған еді. WBO бекіткен үкім бойынша, дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі. Демек, Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға тек 2026 жылдың соңында ғана орала алады. Қайта оралған сәтте ол өзінің чемпиондық үстемдігін дәлелдеу үшін сол уақыттағы уақытша белдік иесімен міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР