spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарАстана–Ақтау бағытындағы рейсте жолаушыға дер кезінде көмек көрсетілді

Астана–Ақтау бағытындағы рейсте жолаушыға дер кезінде көмек көрсетілді


Астана қаласынан Ақтауға бағыт алған әуе рейсінде 45 жастағы Тәжікстан азаматының қан қысымы күрт көтеріліп, жағдайы нашарлады. Оқиға ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң болған.

Бортта болған Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығы Сағындық Аяғанов жолаушының құлап бара жатқанын байқап, дереу көмекке ұмтылған. Сондай-ақ жолаушылар арасынан табылған дәрігер – «Ана мен бала» орталығының маманы Тұрсын Чуйшбаева науқасқа жедел медициналық көмек көрсетті.
Жолаушыға қажетті дәрі-дәрмек беріліп, оттегі аппараты қосылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде науқастың қан қысымы ұшақ Ақтауға қонғанға дейін тұрақтандырылды.
Әуе кемесі жерге қонған соң жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.
Шетелдік азамат өзіне дер кезінде көмек көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдірді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР